Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Мақтаарал ауданында «Асарлату» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

​Бүгін, 2026 жылғы 17 қазанда Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданының барлық елді мекендерінде «Асарлату» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан аумағының тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының ұжымдары, сондай-ақ басқа да сала өкілдері белсенді қатысты.

Акция барысында елді мекендердің ішкі көшелері, жол жиектері, арық-атыздар мен қоғамдық орындар тазартылып, жиналған қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар, көшелердің бойындағы ағаштар әктеліп, аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Жалпы аудан бойынша сенбілікке 1 300 адам қатысып, оның ішінде 436 мемлекеттік мекеме қызметкері, 469 ерікті және 395 тұрғын қамтылды. Тазалық жұмыстарына 12 техника жұмылдырылып, 6,5 тонна қоқыс шығарылды. Нәтижесінде 4,2 гектар аумақ тазартылып, 1,8 шақырым арық-атыз тазаланды. Сонымен қатар, 150 ағаш әктелді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы мұндай игі бастамалар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттыруға және ауданның көркейуіне ықпал етеді.

Тазалық – ортақ міндет! Туған жерімізді таза ұстап, көркейтуге әрқайсымыз үлес қосайық!

#ТазаҚазақстан

Ұқсас жазбалар

БАСТЫ ДЕБАТ: ПАРТИЯЛАРДЫҢ РЕТТІК НӨМІРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!

Admin

Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдегі ең үздік 25 елдің қатарына енді — Катаржина Вавьерниа

Admin

Admin