Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

«БІР КҮН – БІР ТАРИХ!»

Республика күніне орай – елдік пен бірлікті ұлықтаған тағылымды шара!

Республика күніне орай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен «Түркістанға тарту: «Бір күн – бір тарих!» атты мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Арнайы іс-шараның шымылдығын Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы ашып, қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, мерекенің маңыздылығына тоқталды.

Аталған шараға Бәйдібек, Ордабасы, Созақ және Отырар аудандарының жастары қатысып, өзара ынтымақтастық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Мерекелік концерт барысында төрт ауданның өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Әсем ән мен күмбірлеген күй арқылы ұлттық құндылықтар дәріптеліп, жастардың шығармашылық әлеуеті танытылды.

Республика күні – елдігімізді айшықтап, ұлттық рухымызды асқақтататын ұлық мереке! Осындай тағылымды бастамалар жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ортақ тарихымызды тануға, ұлттық мұрамызды құрметтеуге және ел болашағына деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Төрт аудан – бір мақсат, бірлік пен ынтымақ – ортақ құндылық! Еліміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!
#RepublicDayKazakhstan #РеспубликаКүні

Ұқсас жазбалар

Маңғыстау тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 65 000-нан астам клиенті 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлығын алады

Admin

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр

Admin

Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Admin