Отырар ауданында 2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдерді ұсынуда азаматтардың әлеуметтік мұқтаждығын бағалау қағидатын енгізуге байланысты түсіндіру жиыны өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары, әлеуметтік сала мамандары және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында Түркістан облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Зылиха Садыққызы жаңа тәсілдің негізгі бағыттарын түсіндірді. Атап айтқанда, азаматтарды әлеуметтік А, В және С санаттарына бөлу тәртібі, әлеуметтік мұқтаждықты бағалау өлшемдері мен төлемдерді тағайындау талаптары талқыланды.
Әлеуметтік қолдаудың басты мақсаты – көмекті нақты мұқтаж азаматтарға бағыттап, оның тиімділігін арттыру. Осы ретте тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ескеру және мемлекеттік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жауапты мамандарға жаңа тәртіпті халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу тапсырылды.
#ОтырарАуданы
келесі
