Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Келес ауданындағы Әшірәлі Кенжеев атындағы мәдениет үйінде 2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен әлеуметтік сала мамандары қатысты.
Кездесуде Отбасының цифрлық картасы аясында отбасылардың әл-ауқатын бес санат бойынша бағалау және әлеуметтік қолдау көрсетудің жаңа талаптары түсіндірілді. 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді тағайындауда азаматтардың мұқтаждық деңгейі ескеріледі.
Жиында жаңа тәртіпті тұрғындарға дұрыс түсіндіру, отбасылардың жағдайын зерделеу және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Ұқсас жазбалар

Ермахан Ибрагимов: Қазақстанмен бірге қазақ спорты да алға ілгерілеп келеді

Admin

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TURAN» ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Admin