Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Оқыту бағдарламасы сайлау заңнамасының нормаларын зерделеумен ғана шектелмей, оларды тәжірибеде қолдануға да бағытталатыны атап өтілді.

Оқыту бағдарламасы сайлау заңнамасының нормаларын зерделеумен ғана шектелмей, оларды тәжірибеде қолдануға да бағытталатыны атап өтілді. Сабақтар барысында қалыпты және күтпеген жағдайлар, комиссия мүшелерінің іс-қимыл алгоритмдері, кандидаттармен, сенім білдірілген адамдармен, байқаушылармен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен және сайлау процесінің басқа да қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылады. Өңірлерде оқытуды ұйымдастыруды үйлестіру және оның барысын бақылау Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің еліміздің өңірлеріне жасайтын инспекциялық сапарлары аясында жүзеге асырылатын болады.
«Электоралдық оқытуды ұйымдастыруға жауапты тұлғаларға оқытудың сапалы өткізілуін, сайлау процесіне қатысушылардың барынша толық қамтылуын және оқытудың әр кезеңі бойынша белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Сайлау науқаны барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппаратының қызметкерлері дәстүрлі түрде еліміздің барлық өңіріне инспекциялық сапарлар жасайды. Осы сапарлар аясында сайлау комиссияларының дайындығы зерделеніп, сайлау процесіне қатысушыларға оқыту жүргізіледі және әдістемелік қолдау көрсетіледі. Сайлау науқанының ерекшеліктерін ескере отырып, тиісті оқу жоспарларын қабылдап, олардың іске асырылуын ұйымдастыру маңызды», — деп түйіндеді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Отырыс соңында Нұрлан Әбдіров барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерін заңнама талаптарын сақтауға үндеп, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
«Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларына айтарым — алдағы сайлау науқаны барысында Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, сайлау заңнамасының орындалуын бақылайды және оның біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сайлау процесіне қатысушыларға қажетті әдістемелік қолдау көрсетіледі. Ал сайлауды тікелей ұйымдастыру мен өткізуге негізгі жауапкершілік сіздерге жүктеледі. Әрбір шешім мен әрбір рәсім заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Біздің ортақ міндетіміз — сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету», — деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тиісті қаулылар қабылдады. Сондай-ақ ОСК мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған дәстүрлі брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТІК ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Admin

Астананың барлық мектебінде Республика күніне арналған сынып сағаттары өтті

Admin

СТРОИТЕЛЬСТВО ДОРОГ: ОТРЕМОНТИРОВАНО 203 КИЛОМЕТРА ДОРОГ

Admin