Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

19 қазан – Құтқарушылар күні!

Бұл – өзгелердің өмірі үшін өз бастарын қатерге тігетін, батылдық пен кәсібиліктің шынайы үлгісін көрсететін жандардың мерекесі. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар, жедел әрекет ету топтары мен апаттық қызмет мамандары күн сайын, тіпті минут сайын ел қауіпсіздігінің күзетінде тұр.
Тілсіз жаумен бетпе-бет келіп, төтенше жағдайларда алғашқы болып көмекке ұмтылатын әрбір құтқарушының еңбегі орасан зор. Жыл сайын мыңдаған аман қалған өмір – осы сала мамандарының қажырлы жұмысының нәтижесі.
Еліміздің барлық азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Қиын да қауіпті қызметтеріңізге амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз. Еңбектеріңіз жана берсін, шақырулар тек сәтті аяқталсын!
Мереке құтты болсын, бейбіт күннің батырлары!
#ҚұтқарушыларКүні #19қазан #ТЖД #Батырлар #Қазақстан

Ұқсас жазбалар

Якорные культурно-туристические мероприятия

Admin

️Глава государства: «Уважение к Закону и Порядку – это прежде всего, особая черта, присущая гражданам с высоким чувством ответственности»

Admin

Казахстан вошел в топ-50 стран по возможностям для жизни и бизнеса

Admin