22 тамыз күні Түркістан қаласын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында Түркістан қаласы Жастар ресурстық орталығы КММ-нің қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қаланың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тазалық – ортақ міндет. Түркістанның көркеюіне бағытталған осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады
#Таза_Қазақстан
