Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ДАНАЛЫҒЫ СӘЛЕМДЕСУДЕН БАСТАЛҒАН

«Заманауи қоғамда, әсіресе жұмыс орнында адамның жеке кеңістігін құрметтеу, орынсыз еркіндікке жол бермей, өзін әдепті ұстау — өркениеттіліктің басты белгісі», — деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент назар аударған бұл заманауи қағида халқымыздың сәлемдесу дәстүрімен тығыз байланысты. Қазақ тәрбиесінде амандасу — үлкенге ізет, кішіге құрметтің айқын көрінісі. Белгілі жазушы, этнограф Зейнеп Ахметова «Сөз анасы» кітабында айтқандай, адам мәдениеті өзін әр ортада ұстай білуінен көрінеді. Бүгінгі заманда қарым-қатынас формасы өзгергенімен, әдептің негізгі қағидалары өзгермеуі керек. Әсіресе қоғамдық ортада және жұмыс орнында адамның жеке кеңістігін құрметтеу, орынсыз жақындамау, жылы жүзбен әрі лайықты түрде амандасу – заманауи мәдениеттің маңызды белгісі. Атадан келе жатқан ізгі дәстүрімізді сақтап, сәлемнен басталған сыйластықты жоғалтпайық!

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

Admin

Партии завершают региональные маршруты перед выборами в Курултай

Admin

СПОРТТЫҚ ӨМІР САЛТЫ – ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Admin