24KZ телеарнасында ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы қарсаңындағы қорытынды теледебат өтті. Пікірталас алаңында елдегі жеті саяси партияның көшбасшылары бас қосты. «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов «Әділет» партиясының сұрағына жауап берді.
