Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Қоршаған ортаның тазалығы адамның күнделікті әрекетінен басталады. Қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, табиғи ресурстарды үнемдеу, жасыл желекті қорғау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – табиғатқа деген жауапкершіліктің көрінісі. Таза табиғат – ұлт денсаулығы мен болашақ ұрпақтың игілігі. Сондықтан қоршаған ортаны аялау мәдениетін қалыптастырып, тазалықты әрқайсымыз өзімізден бастайық. Табиғатты таза ұстау – болашаққа жасалған қамқорлық! #ТазаҚазақстан
