Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасының мызғымастығын тұтастығын қол сұғуға болмайтынын нақтылып, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидасын ұстана отырып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынына кепілдік беріп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық, қоғамдастыққа сүйеніп, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағалауға алып,абиғатты аялау қажеттігін мойындап, бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз.
