Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Саясат

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Президент ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша. Себебі журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас жазбалар

Президент Казахстана подтвердил приверженность страны принципам ядерного разоружения и международной безопасности

Admin

Қазақстан мен Моңғолия: экономикалық әріптестіктің жаңа мүмкіндіктері

Admin

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АҚМЕШІТ ҮҢГІРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ҚҰПИЯЛАРЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Admin