Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында полиция аса ауыр қылмыс жасаған ер адамды ұстады

Түркістан облысының аумағында өткізілген «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аталған азамат Алматы облысында іздеуде болған. Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктіні Жетісай қаласы көшелерінің бірінен қолға түсірді.
Ұсталған азамат одан әрі тексеру жұмыстарын жүргізу және іздеуді жариялаған тарапқа тапсыру мақсатында полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Ұқсас жазбалар

Астанада жас жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімі өтті

Admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Admin

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЫРЗАКЕНТ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫҚШАМАУДАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Admin