Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ӘлеуметЖаңалықтарҚоғамСаясат

Мемлекет басшысы елордадағы LRT жүйесінің жұмысымен танысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлік саласын цифрландыру және заманауи инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты. Мемлекет басшысы қоғамдық көлік қозғалысын үйлестіріп, LRT желісінің жұмысын бақылайтын Бірыңғай диспетчерлік орталыққа арнайы барды.

Президентке жеңіл рельсті көлік жүйесінің техникалық мүмкіндіктері, қауіпсіздік талаптары мен жолаушыларға қолайлы сервистік шешімдері таныстырылды. Жобаға сәйкес, LRT желісіндегі әр құрам 600-ден астам жолаушыны тасымалдауға қауқарлы. Ұзындығы 22,4 шақырымды құрайтын бағытта 15 заманауи құрам жүргізушісіз қатынайды. Бұдан бөлек, 4 құрам резервтік негізде қарастырылған.

Жүйенің негізгі артықшылықтарының бірі – барлық үдерістің толық автоматтандырылуы. Атап айтқанда, қозғалысты басқару, жылдамдықты реттеу, тежеу, есіктерді ашу және жабу, сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары интеллектуалды басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Сапар барысында Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейін барды. Президентке жаңа көлік желісінің қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетуге, экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретіні жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында LRT жобасының екінші кезеңін іске асыру басталғаны айтылды. Аталған жоба Астанадағы қоғамдық көлік жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз, жайлы әрі тиімді қызмет көрсетуге бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Права каждого человека должны быть защищены законом.

Admin

ТҮРКІСТАН: ЖОЛ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Admin

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ ТҰРҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫН АШҚАН

Admin