Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпарат

Олжас Бектенов отандық инновацияларды енгізгені үшін бизнесті көтермелеу шаралары туралы: ғылымға ұзақмерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестиция тарту мәселесін көтерді. Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұзақмерзімді инвестиция тартудың жаңа тетіктерін әзірлеу тапсырылды.

«Инвестиция тартуды ынталандыру керек. Қазіргі уақытта инновацияға қомақты қаржы саламын деп жүрген кәсіпкерлер көп деп айта алмаймыз. Мұндай үрдіс Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де солай. Сондықтан бизнесті ынталандыру тетіктері болуы керек»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қолданыстағы тәсілдер, оның ішінде коммерцияландыруға арналған гранттар, ҒЗТКЖ үшін салықтық преференциялар, эндаумент-қорлар және басқа да тетіктер туралы баяндады.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесті

Admin

ТҮРКІСТАНДА «КӨРІСУ КҮНІ- АМАЛ МЕРЕКЕСІНЕ» ОРАЙ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ

Admin

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру – бұл қоғамның білімге, ғылымға, сыни ойлауға және инновацияға негізделген дамуын қамтамасыз ету үдерісі

Admin