Түркістан қаласындағы «Turkistan Hub» орталығында «Digital Nauryz — Idea Battle» атты стартап байқауы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара жастардың инновациялық идеяларын қолдауға, стартап жобаларды дамытуға және кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Сонымен қатар, шара барысында заманауи технологиялар мен креативті тәсілдер кеңінен насихатталды. Байқауға Түркістан қаласындағы «HelloWorld», «Nerds», «WingCraft», «BrainChain», «Spataev», «Fobos», «Smart Sense», «Jastar», «AlaSpan» және «Hippocampus» командалары қатысып, өз жобаларын ұсынды. Жарыста ұсынылған стартап жобалар өзектілігімен және креативтілігімен ерекшеленді.
Сарапшылар құрамында Кәсіптік бағдар беру педагогы Арслан Атабек, «NGT Lab» тәжірибеге бағытталған IT-орталығының директоры Нұржан Сыздықов және Бірыңғай байланыс орталығының менеджері Жанерке Нәжібаева болды. Олар қатысушылардың жобаларына қазылық жасады. Байқау қорытындысы бойынша 1-орынға «AlaSpan», 2- орынға «WingCraft», 3- орынға «BrainChain» командасы ие болды. Орын алған командаларға ақшалай сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
