Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ҚоғамМәдениет

САРЫАҒАШТА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сарыағаш ауданында республикалық референдум күні мәдени-ағартушылық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше атмосфера сыйланды. Соның бірі – №653 дауыс беру учаскесінде өткен суретшілер байқауы.

Аталған шара Мемлекеттік рәміздердің маңызын кеңінен насихаттауға және жастардың патриоттық рухын арттыруға бағытталды. Байқауға қатысқан суретшілер Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұранын бейнелейтін түрлі көркем туындыларын ұсынып, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Дауыс беруге келген тұрғындар сурет көрмесін тамашалап, жас суретшілердің еңбектеріне жоғары баға берді.

Байқау барысында қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар жастарға патриоттық тақырыпта шеберлік сабақтары өткізіліп, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға және ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік жасалды.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданы облыстағы дауыс беру учаскелері ең көп аудандардың бірі. Аудандағы 82 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде ашылып, жұмысын бастады. Қазіргі уақытта аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Ұқсас жазбалар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ӨНДІРІСТІК ПАРКТІҢ ЖҰМЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Admin

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БИЫЛ 4 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: РАМАЗАН АЙЫНДА 562 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Admin