Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Түркістан облысының әкімі тұрғындарды Амал мерекесімен құттықтады

Түркістан облысының әкімі өңір тұрғындарын көктемнің шуақты мерекелерінің бірі – Амал күнімен құттықтады. Аймақ басшысы бұл күннің халқымыз үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, Амал мерекесі – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық сұрасып, ізгі тілек айтатын берекелі дәстүр екенін жеткізді.

Өз құттықтауында:

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!
Ардақты ағайын!
Баршаңызды Әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал – тек мереке ғана емес, халқымыздың бірлігін, бауырмалдығын, кең пейілін көрсететін дәстүр. Қыстан аман шыққан қауым осы күні бір-бірімен жолығып, амандық сұрасып жыл басымен құттықтаған. Бұл – ағайын мен туысты, дос-жаранды бір-бірімен табыстырып, өкпе-ренішті ұмытып, татулық пен сыйластықты нығайтатын ерекше күн.
Берекелі Түркістан өңірінде де бұл күннің мән-маңызы артып келеді. Ағайынның арасы жақындап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, ұлттық құндылықтарымыз жаңғыра түседі. Осындай дәстүрлеріміз ел бірлігін нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра береді.
Жыл басынан ақжолтай хабар беретір мерейлі күні әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, молшылық тілеймін. Әр отбасында қуаныш пен шаттық орнап, елімізде бірлік пен тұрақтылық нығая берсін.
Көрісу күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен!
Нұралхан КӨШЕРОВ,
Түркістан облысының әкімі.

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов отандық инновацияларды енгізгені үшін бизнесті көтермелеу шаралары туралы: ғылымға ұзақмерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет

Admin

Сапалы электр қуатымен жабдықтау жұмыстары жалғасуда

Admin

ШЫМКЕНТ: 10 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛАДЫ

Admin