Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Мәдениет

Цирк өнері фестиваліндегі қола жүлде

Қазақ мемлекеттік циркінің 16 жастағы артисі және Ж. Елебеков атындағы РЭЦК студенті Әли Салауатов 5-7 желтоқсан күндері Тула қаласында өткен «На языке мира» V Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған цирк өнері фестивалінде қола медаль иеленді.
«На языке мира» фестивалі – әр елдің жас артистері акробатика, жонглерлік, эквилибристика, әуе гимнастикасы және өзге де жанрлар бойынша үздік нөмірлерін ұсынатын ірі халықаралық алаң.
Әлидің «Доптармен жонглер – пол форматы» атты нөмірі жоғары дәлдігімен, динамикасымен және көркем орындалуымен ерекшеленді. Ол фестивальдің ең жарқын әрі көп талқыланған қойылымдарының бірі болды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан Президенті Ұлан-Батырда университет филиалын ашуды ұсынды

Admin

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНА 100 КІТАП» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Admin

ТҮРКІСТАНДА «АЛҚОҢЫР» АНСАМБЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Admin