Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Алматыда Медеу кешенін жаңғырту жұмыстары басталды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Қала басшысы жаңғырту кезінде мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталатынын атап өтті.
Жоба энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуді көздейді: жаңа тоңазытқыш жабдығы орнатылып, инженерлік желілер жаңартылады. Шығыс қанаттағы қонақ үй жөнделеді, ал батыс трибунада кофеханалары бар терраса мен демалыс аймағы жасалады. Кешен алдында SUN-DECK демалыс аймағын құру көзделген. Іргелес аумаққа жүргіншілер бағыттары, шолу алаңдары, көгалдандыру және сәулеттік жарықтандыру қосылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін екі жеделсаты орнатылады.
Бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Admin

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туындыларын тамашалады

Admin

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Admin