Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Мәдениет

АҚЫН АЙДАР СЕЙДӘЗІМНІҢ ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Түнгі кітапхана» жобасы аясында ақын Айдар Сейдәзімнің «Күзді сүйемін» атты поэзия кеші өтті. Бұл шараның мақсаты – кітапхана ісіне жаңа серпін беріп, жастар мен оқырман қауымның әдебиетке, поэзияға, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Ақынды құттықтап Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев пен Ордабасы ауданының әкімі Азат Әбдіғалиұлы арнайы қатысып, сыйлықтарын табыстады.
Кештің кейіпкері – облыстық «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің директоры, ҚР Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, «Халық алғысы» төсбелгісі мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Жапырақ ғұмыр» жыр жинағының авторы – Айдар Сейдәзім.
Кеш барысында лирикалық би, пролог ақын өлеңдерінен композиция, ақынның «Күзді сүйем» әні, сондай-ақ, ашық микрофон сынды бағдарламалар ұйымдастырылды.
Ақынды Парламент мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібекұлы және Ләйла Мұсалы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті Ләйла Мұсалы құттықтау бейнебаянынын жолдады.
Поэзия кешіне Мұстафаева Ұлжан, Ғалымжан Елшібай, Мәлік Әлмахан, Роза Нарымбетова, Несіпкүл Өтебаева, Ғалымжан Битұрсын, Жанат Сәдібекқызы, Ғани Қалмахан, Гүлбішай Әлімқызы, Нүридин Әбдірәсіл, Қалампыр апай және Бекжігіт Сердәлі сынды ел ағалары мен беделді тұлғалар қатысты.
Онда ақын өлеңдері арқылы көрермендерге рухани әсер беріліп, поэзия мен музыка, би мен сырлы әңгімелер тоғысты. Қатысушылар ақынның шығармашылығын тамашалап, ашық микрофонда өз пікірлерімен бөлісті.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Admin

ҒАШЫҚТАР КҮНІ: «БОЗБАЛА МЕН БОЙЖЕТКЕН – 2023» БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР⁣⠀

Admin

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: САУРАН АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Admin