Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратМәдениет

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ АЛДЫНДА 100 ЖЕТІГЕНШІ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Бүгін халықаралық туризм күні! Мереке қарсаңында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында 100 жетігенші өнерін көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Олар келуші қонақтар мен зиярат етуші алаңда жетігеннің үнін көпшілікке тыңдатты.
Айта кетейік, Түркістан облысының туризм басқармасының ұйымдастыруымен, туризм күніне орай Түркістан қаласында «TURKISTAN WORLD CRAFT FEST-2025» халықаралық қолөнершілер көрмесінің салтанатты ашылуы өткен болатын.
Дүниежүзілік туризм күні 1979 жылы Дүниежүзілік туристік ұйымның, ЮНВТО-ның Бас Ассамблеясымен бекітілді және жыл сайын 27 қыркүйекте атап өтіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Словения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Admin

Президент бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығын білдірді

Admin

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты

Admin