Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Спорт

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПАРАКАНОЭДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

23-26 қыркүйек аралығында Түркістандағы есу арнасында параканоэден Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің 5 өңірінен спортшылар келіп, түрлі сынақтар бойынша жүлделерді сарапқа салды.
Түркістан облыстық су спорты түрлері бойынша олимпиада резервінің мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері 4 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.
200 метрлік қашықтықта KL2 және VL3 men санаттарында Бибарыс Спатай екі бірдей алтын медаль иеленді. Сонымен қатар Жалғас Тайкенов (KL3 men) пен Жаныл Балтабаева (VL3 woman) облыс қоржынына тағы екі алтынды салды.
Ал Ербол Байырбеков VL3 men санатында үшінші нәтижемен мәре сызығын кесіп, қола медальға қол жеткізді.
Параатлеттер жарысқа Қазақстан Республикасының аға жаттықтырушысы Геннадий Ивановтың жетекшілігімен дайындалды.
Айта кетейік, жарысқа қатысушылар Түркістандағы есу арнасын жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨКПАРДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Admin

Астанада алғаш рет грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді

ШЫМКЕНТТІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНА АТТАНДЫ

Admin