Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
СпортЭкономика

ДАҢҚТЫ БОКСШЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Шымкент қаласының А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Даңқты боксшы, 4 дүркін КСРО чемпионы, 2 дүркін Азия және Азия ойындарының чемпионы, Еуропа чемпионы, Атланта Олимпиадасының қатысушысы Нұржан Сманов оқырмандар, жастармен кездесіп, әсерлі әңгіме өрбітті.
ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ боксының ақыл-ойы атанған Нұржан Дініқұлұлы спорттағы және өмір жолынан сыр шертіп, емен-жарқын сұқбат құрды. Іс-шараның мақсаты да осы – жастарға спорттың, оның ішінде бокстың ел руханияты мен халықаралық аренадағы орны туралы ұғындырып, жас буынды табандылыққа, еңбекқорлыққа және елін сүюге шақыру.
Н.Сманов небәрі 15 жасында бокстан КСРО және Еуропа чемпионы атанған. Осы жаста КСРО-ның Халықаралық дәрежедегі спорт шебері құрметті атағын алды. Тоқсаныншы жылдары бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны болды. 1996 жылы Атланта олимпиадасында бақ сынап, бесінші орынға иелік етті.
Кеш барысында оқырмандар даңқты спортшының өмір жолы мен спорттағы жетістіктерімен жақыннан танысып, өз сауалдарына жауап алды. Сондай-ақ, белгілі азамат қазақ боксының қазіргі дамуы, мәселелері жөнінде өз ойларын айтты.

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ: БІРҚАТАР АЗАМАТТАР МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Admin

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: 38 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН 4 ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

Admin