Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан өңірінде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен құрылыс сапасын қадағалау жұмысы күшейтілген. Әрбір нысан бақылауға алынған. Құрылыс сапасына қатысты кезекті жиын облыс орталығында өтті. Жиында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мердігерлермен кездесті. Көпқабатты тұрғын үйлердің өзекті мәселелері талқыланған кездесуге құрылыс, сәулет және құрылыс сапасын бақылау мамандары, сондай-ақ қала аумағында жұмыс атқарып жатқан бірқатар мердігер мекемелердің өкілдері қатысты.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан түскен арыз — шағымдар мен аралау барысында анықталған кемшіліктер бойынша тұрғын үй құрылысы сапасына қатысты сын-ескертпелер айтылды. Атап айтқанда, «Дос и К сервис» ЖШС, «Ақ Нұр-строй» ЖШС, «Азим строй» ЖШС, «Саха — 2005» ЖШС, «Талап строй» ЖШС және «Ару — ТАМ» ЖШС сынды мердігер ұйымдардың нысандарына қатысты тиісті ұсыныстар беріліп, жауапты мамандар пікір алмасты.
Жақын арада мердігер мекемелер тарапынан пайдаланудағы тұрғын үйлердің кемшіліктері толық ретке келтіріліп, сапасын жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында 420 көпқабатты тұрғын үй бар. Тұрғындар тарапынан түскен әрбір арыз-шағым жергілікті әкімдіктің жіті назарында.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЫЛТЫР 50-ДЕН АСТАМ СПОРТ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ ШАРУА ТӘУЛІГІНЕ 1 300-ГЕ ЖУЫҚ БӨДЕНЕ ЖҰМЫРТҚАСЫН САТАДЫ

Admin