Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ

Түркістан облысында елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бүгін Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында 75 000 дана маусымдық гүл мен 6000 дана көп жылдық раушан гүлі отырғызылды. Гүл отырғызу жұмыстары ауданның негізгі көшелері мен демалыс орындарында жүргізілді. Түрлі түсті гүлдер көшелерге ерекше сән беріп, аудан халқына көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.
Маусымдық гүлдер қатарында шафран, катарантус, бегония сынды әсем өсімдіктер бар. Олар қаланың эстетикалық көрінісін жақсартып қана қоймай, экологиялық ахуалға да оң әсерін тигізеді.
Жауапты мекеме қызметкерлері егілген гүлдердің ұзақ уақыт бойы жайқалып тұруы үшін күтіп-баптау, суару жұмыстарын тұрақты түрде жүргізетін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС ӨРЕНІ АСЫҚ АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Admin

ЖЕТІСАЙДАҒЫ ЖҰРТТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ЖҮЙЕЛЕНДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: «АЙБЫН-2023» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

Admin