Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды

Алматы қаласы әкімдігінде Ерболат Досаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Арман Рахимов қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша:
Техникалық және авторлық қадағалау мердігерлерінің жауапкершілігін күшейту бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсыныс жолданды;
Комплаенс-қызметтер үшін маман даярлау бағдарламасын әзірлеу басталды;
Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру жұмыстары жалғасады;
Мемлекеттік қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту шаралары күшейтіледі.
Жиынға қатысушылар алдын алу шараларының маңыздылығын және мемлекеттік қызмет көрсету барысында ашықтықты арттыру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі қала билігінің басты назарында қала береді.

Ұқсас жазбалар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ БҮЛДІРШІНДЕРІ ШАТТЫҚ ШУАҒЫНА КЕНЕЛДІ

Admin

Астанада 3 мыңнан астам оқушы қыз бір мезетте «Қамажай» халық биін биледі

Admin

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ТҮРКІСТАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Admin