Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Мәдениет

РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА «АРБА» МОНОДРАМАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласвның сазды-драма театрында «Арба» монодрамасының тұсауы кесілді. Премьераға зиялы қауым өкілдері мен театр сүйер көрермен қатысты.
Кейіпкердің жалғыздықпен күресу жолынан басталған қойылым одан әрі күрделі эмоциялық және психикалық көріністері арқылы өрбиді. Темірланның өмірдегі әр қадамы арқылы өскенін, қалай ер жеткенін көрсетеді. Әкесінің естеліктерімен тіршілігін жалғастыра жүріп, сынақтарға төтеп береді.
«Арба» монодраманың басты рөлінде ойнаған театр актері – Аяз Ильясов. Қойылым авторы – Бақыт Жалиева, қоюшы режиссері – Асхат Қалыбеков.
Айта кетейік, қойылым өмір арбасының жетегіне жегіліп кетпей, қанша құласаң да, аяққа тік тұрып, жарыққа ұмтылуға шақырады. Көзіне жас алған көрермен қауым қойылым соңында театр әртістеріне ризашылықтарын білдірді.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ, САЛТ-ДӘСТҮР — ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Admin

Наурызды тойлаудың жаңа үлгісі: дәстүр мен цифрлық технологияның үйлесімі

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700-ДЕН АСТАМ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКЕМЕСІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Admin