Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ АБАЙ МҰРАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Абай күніне орай Бәйдібек ауданында «Ұлы Қазақтың — Ұлы Абайы» атты облыстық байқау бастау өтті. Байқауды Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Пердебек Есқұлов пен аудандық жастардың көшбасшысы Жамбыл Көрікбаев ашып беріп, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар сайысқа қатысушы таланттарға сәттілік тіледі.
Аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған байқаудың мақсаты – жастардың бойында адалдық пен сенімділікті, отансүйгіштікті қалыптастыру, Абай шығармашылығына деген қызығушылық қабілетін ояту. Аталған сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен талант иелері қатысып Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін айтудан ІІ кезең бойынша сынға түсті.
Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ақтөре Қайрат, аудандық тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Бақыт Оспанова және Шаян мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қаламқас Мамытова әділ қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтап берді.
Сайыс қорытындысы бойынша Орынбасар Жақсыгүл, Сағындық Сұлтан, Қалауов Азамат, Абдирманова Айсара, Үсен Балқадиша жеңіске жетті. Жеңімпаздарға дипломдар мен және қаржылай, ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ ӨСІМІ БОЙЫНША ЕКІНШІ ОРЫНДА

Admin

ТҮРКІ ӘЛЕМІ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ VI ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕР ҮЛГІСІ БАСҚА ӨҢІРЛЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Admin