Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Спорт

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ҚАЛА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Шымкент қаласының ашық біріншілігі өтуде. Қала чемпионатында жалпы 50-ден астам жасөспірім бақ сынап жатыр. Түркістан облысынан да екі команда келген.
Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының директоры Данияр Мыңбаев жарысты ашып беріп, жасөспірімдерге сәттілік тіледі. Осы жасөспірімдерің арасынан келешекте ел намысын абыроймен қорғайтын дарынды спортшылар шығатынына сенім білдірді.
Сайысты өткізудегі мақсат – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жас ұрпаққа ұлттық спортты дәріптеу және көшпенділер ойындарын насихаттау, қала көлемінде тоғызқұмалақ ойынының бұқаралығын арттыру және жасөспірімдер арасында қаланың құрама командасын іріктеу.
Жарыс жеңімпаздары бүгін анықталады.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас жазбалар

Головкин өзінің алғашқы жеңілісі туралы пікір білдірді

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІНДЕ 150 ШАБАНДОЗ ҚАТЫСҚАН КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ

Admin

Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты басталды

Admin