Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЗАУЫТ ЖЫЛЫНА 20 МЫҢ ТОННА ҚҰБЫР ШЫҒАРАДЫ

Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы зауыт жылына 20 мың тонна құбыр шығарады. Зауыт ауылдық жердегі 33 адамды жұмыспен қамтып отыр. Түркістан облысы әкімі Д.Сатыбалды Сайрам ауданына арнайы іссапармен барып, полиэтилен құбырларын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты.
Жоба құны 2000,0 млн. теңгені құрайтын «ЮКЗПТ» зауыты 2015 жылы ЖШС «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында іске қосылған. Бүгінде кәсіпорын өнімдері елімізде сұранысқа ие.
«ЮКЗПТ» зауыты Қазақстандағы сумен жабдықтауға және газбен жабдықтауға арналған полиэтилен құбырларының, сондай-ақ технологиялық ұңғымаларға арналған қаптама құбырларының ірі өндірушісі болып саналады. Өндірісте ғылыми-зерттеу нәтижелерінің ең маңызды жетістіктері қолданылуда. Мұнда диаметрі 50 миллиметрден 600 миллиметрге дейінгі ПЭ-100 маркалы полиэтилен су құбырлары, диаметрі 50-630 мм аралығындағы ПЭ-100 маркалы полиэтилен газ құбырлары шығарылады.
Одан соң облыс әкімі Әйтеке би ауылында орналасқан «KASPY GROUP» ЖШС-нің машина жасау және металл құрастыру зауытын аралап көрді. Зауытта өндірлген өнімнің қуаттылығы жылына 2000,0 тоннаны құрайды. 2018 жылы іске қосылған кәсіпорында ауыл шаруашылығы техникасы және ірі кәсіпорындардың құрылыс жабдықтары шығарылады. Мұнда 60-тан астам адам жұмыс істейді.
Қос кәсіпорын басшысымен кездескен өңір басшысы кәсіпті кеңейту, экспортқа шығару бастамасын көтерді. Қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жауаптыларға кәсіпорындарды дамыту бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеп, қолдау көрсетуді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

Admin

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРДЫҢ ТУАБІТТІ ЖАҚ-БЕТ АҚАУЛАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ОТАЛАРЫ ЖАСАЛУДА

Admin

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНДЕ 500 ОҚУШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

Admin