Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округінде мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді. Аймақта салынған 200 орындық мәдениет үйінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Данабайұлы арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Сондай-ақ, айтулы қуанышқа аудандық мәслихат депутаттары, мәдениет саласының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін жалпы Қазығұрт ауданы бойынша 23 мәдениет нысаны, оның ішінде 8 мәдениет үйі бар болса, Жігерген ауылында тоғызыншы мәдениет үйі ел игілігіне тапсырылды. Алдағы уақытта аталған ғимаратта кітапхана мен үйірмелер жұмыс істейтін болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қыметі

Ұқсас жазбалар

«ОТБАСЫМЫЗБЕН ДАУЫС БЕРЕМІЗ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Admin

Кентауда «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы өтті

Admin