Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарМәдениет

ШЫМКЕНТТІК «ЖЕТІГЕН» ТРИОСЫ ТҮРКИЯДА ТОП ЖАРДЫ

Шымкент қаласындағы №2 Оқушылар сарайының «Жетіген» триосы Түркияда бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған III Халықаралық «ART BAYTEREK» өнер-білім байқауының аспапта ойнау жанры бойынша бас жүлдеге ие болды.
–Байқауда түркі тілдес елдерден келген өнерпаздардың 40-қа жуық сахналық нөмірі көрсетілді. Біз 40-шы болып сахнаға шықтық. Көрерменнің қазақ аспабына деген ықыласы ерекше екені байқалды – дейді үйірме жетекшісі Г. Төлегенова.
Жетіген үйірмесіне қатысатын оқушылардың айрықша өнері қазылар алқасының да қошеметіне ие болды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

«Әке- асқар тау», «Ана- өмірдің бастауы»

Admin

ЖАҢА БАҒДАРШАМДАРМЕН КӨЛІК КЕПТЕЛІСІНДЕ ЕКІ ЕСЕГЕ ДЕЙІН УАҚЫТ ҮНЕМДЕЙСІЗ

Admin

Қайтарылған активтер – балалар игілігіне

Admin