Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Мемлекет басшысы «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне қатысушы балалармен жүздесті

Президент Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ұйымдастырылған «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне барып, балалармен кездесті, деп хабарлайды Aqorda.kz-ке сілтеме жасаған elordafocus.kz.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналған. Қасым-Жомарт Тоқаев қала оқушыларымен бірге «Science», «Engeneering», «Art», «Technology» және «Mathematics» станцияларын аралап көрді. Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды.
Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтап, келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты. Сондай-ақ жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.

Ұқсас жазбалар

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Admin

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ АХМЕДЖАН АНАРТАЕВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Admin

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Admin