Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ СУ ҰҢҒЫМАСЫНА ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ ТАРТЫЛАДЫ

Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округінің Теке елді мекеніне барып, тұрғындармен кездесті. Аудан әкімінің қабылдауында айтылған жайылымды жерде орналасқан су ұңғымасына электр бағаналарын тартып беру мәселесі қаралды. Бүгінде тұрғындардың өтініші демеушілер есебінен орындалып жатыр.
Елді мекеннен 1,2 шақырым қашықтықта орналасқан су ұңғымасына 1,5 шақырымға жететін электр сымдарын мен 35 дана электр бағаналары алынды. Ал, орнату жұмыстарын ауылдың атқамінер демеушілері есебінен жүргізілетін болады. Нәтижесінде жайылым жерлермен, ірі-қара мал өсіруші шаруалардың көптен бері көтеріліп жүрген мәселесі шешіліп, суғару жүйесі ретке келеді.
Тағы бір жағымды жаңалық — ауданда таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілуде.
Аудан басшысы жұмыс сапарын Үшқайық ауылдық округі, С.Қожанов елді мекенінде жалғастырып, елді мекендегі таза ауыз су мәселесін бақылауға алды.
Бүгінгі таңда аудан көлемінде тәулік бойы ауыз сумен қамту мақсатында, ауыз су тарату орталықтарындағы 68 дана тозығы жеткен су насостары ауыстырылып, 8 елді мекеннің ауыз су берілу уақыттары 24 сағатқа ұзартылды.
Сонымен қатар, Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл, С.Қожанов елді мекендердегі ауыз су мәселесін шешуге 5 жоба әзірленіп, республикалық бюджетке қаржы бөлуге ұсынылды. Еңбекші Дихан, Қаражон, Ынталы, Бершінтөбе, Қосқорған елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жобалары әзірленуде.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ИСЛАМ ОРТАЛЫҚТАРЫ БОЙ КӨТЕРДІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 11 АУЫЗ СУ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛІП, 20 ЕЛДІ МЕКЕН СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТҰРАН СУ» МЕКЕМЕСІ МЕН 8 АУДАН, ҚАЛАҒА 29 ЗАМАНАУИ ТЕХНИКА ТАПСЫРЫЛДЫ

Admin