Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «АУЫЛ АМАНАТЫ» БОЙЫНША 200-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБАҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БЕРІЛДІ

Төлеби ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру бағытында аудан әкімінің бастамасымен бірқатар жұмыстар атқарылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда.
Жобаға енген 4 ауылдық округте 4 ауылшаруашылық бағытындағы өндірістік кооперативтер құрылды. Олар – мал бордақылау, отбасылық сүт фермалары және мал басын көбейту бойынша Көксәйек ауылдық округінде «ӨМІР-KAZ» ӨК, Киелітас ауылдық округінде «Ауыл аманаты – 2023» АШӨК, Бірінші Мамыр ауылдық округінде «Даму – 7» АШӨК және Қаратөбе ауылдық округінде «Қоғалыбастау» АШӨК.
Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған өндірістік кооператив мүшелері – 392 адам. «Ауыл аманаты» негізделген қаржы шаруаларға «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і арқылы беріліп, 193 жоба мақұлданып, жоспарланған 1,1 млрд теңге несие берілді.
Жоба негізінде Көксәйек ауылының тұрғыны Мұрат Жүзбаев 7 200 000 теңге несие алып, қаржыға Жамбыл облысынан 26 бас ірі қара мал сатып алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Ұқсас жазбалар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

Admin

КЕЛЕСТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ӘСКЕРИ САЛА МЕН ОТАНШЫЛДЫҚ ДӘРІПТЕЛДІ

Admin