Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ ТҰРҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫН АШҚАН

Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылының тұрғыны Қасиет Мәмбетәлі аядай бөлмені тігін шеберханасына айналдырған. Ол 14 жылдан бері тігіншілікпен, қолөнермен айналысады. Кәсібін дамыту мақсатында мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, қажетті құралдарын сатып алған.
«Тігін өнерін дамытып, кәсібімді үлкейту үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант алдым. Қаржыға үш түрлі тігін машинасын, үтік және қажетті жіптерді сатып алдым. Бүгінде ауыл тұрғындары еңбегімді бағалап жүр, тапсырыс та аз емес. Қазіргі уақытта қыз-келіншектер үшін түрлі көйлектер мен перделерге тапсырыс қабылдаймын. Алдағы уақытта орамалды аруларға арналған киімдерді тігу жоспарымда бар»,- дейді шебер.
Былтыр сайрамдық 130-ға жуық тұрғын қайтарымсыз грантқа ие болған. Олардың басым көпшілігі қызмет көрсету орталықтарын ашып, енді бірі құс шаруашылығына бет бұрған.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ ЕЛ АРАЛАП, МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРІП ЖҮР

Admin

ТҮРКІСТАН: ҒИМАРАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ СӘУЛЕТІ МЕН САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ

Admin