Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТПЕН ЖЕКЕ ТІГІН ЦЕХЫН АШҚАН

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылының тұрғыны Лайло Нарметова тоғыз жылдан бері тігіншілікпен айналысып келеді. Кәсібін дамыту мақсатында мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант алып, тігін машиналары мен үтік сатып алған. Бүгінде Лайлоның шағын тігін цехы бар. Сондай-ақ, шебер жиі Түркістан облысындағы киім көрмелеріне қатысып тұрады.
«Мен үшін киімдердің сапасы маңызды. Оны халық үшін сапалы әрі қолжетімді етіп тігемін. Бүгінде мектеп формалары мен ұлттық және күнделікті киетін киімдерге тапсырыс қабылдап жатырмын. Одан бөлек, ерлерге арналған киімдерді де тігемін. Қарамағымда 5 тігінші бар. Алдағы уақытта жеткізу қызметін де іске қосуды жоспарлап отырмын»,-дейді тігінші.

Ұқсас жазбалар

Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» бастамасы аясында су көздерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРҒА 600 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ СУБСИДИЯ ТӨЛЕНДІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ІССАПАР БАРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Admin