Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

Түркістан: Келестік шаруалар қысқы шілдеде диқаншылықты бастап кетті

Түркістан облысы, Келес ауданынының шаруалары қысқы шілдеде диқаншылықты бастап кетті. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқаны Ақтөбе ауылдық округінің Бозсу, Қияжол, Ескіқорған ауылында қызу жүріп жатыр. Бүгінде «Әділбек-Е» ЖШС-не тиесілі 20 гектар аумаққа қырыққабаттың ерте пісетін «Фарао» сорты егілуде.
Ата кәсіппен айналысып, қара қазанымызды қайнатып отырмыз. Жастайымыздан ата-анамыз еңбекке баулып, егіншілікпен айналысуды үйретті. Енді міне осы шаруашылықты дамытып, жерімізге дақылдарымызды егудеміз. 15 жылдан бері көкөністің қырыққабат түрін егіп, келемін. Көшеттерді үй ауласындағы жылыжайда дайындаймыз. Жеріміздің құнарлы болуына және климаттың ыңғайлылығына байланысты жылына ашық алқаптан 2 немесе 3 өнім алуды да жолға қойдық, – дейді шаруа Ержігіт Қалықұлов.
Айта кетейік, өткен жылы келестік шаруалар 26 мың гектардан аса суармалы жерге егін егіп, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 543 мың тоннадан асып жығылды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында бүгінгі таңда 66 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі және 5681 дана шаруа қожалықтар жұмыс істейді.

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕР КҮНІ: «КӨНЕ САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНАН — КИЕЛІ ТҮРКІСТАНҒА» АТТЫ АВТОШЕРУ ӨТТІ

Admin

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ БАР АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

Admin

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Admin