Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ БӘЙДІБЕКТЕ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Кезекті «Ашық есік күні» аясындағы бірыңғай қабылдау Бәйдібек ауданында жалғасты. Жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Дархан Сатыбалды тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдады. Аудан азаматтарын толғандырған бірқатар мәселенің заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді.
Жалпы қоғамдық қабылдауда инфрақұрылым, әлеуметтік мәселе, баспанамен қамту, туризмді дамыту бойынша өтініштер мен ұсыныстар айтылды. Тұрғындар электр жүйелерінің мәселесін де көтерді. Сонымен бірге мамандығы бойынша мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналастыру, ауылдағы каналды жөндеу, балабақша мен мектепті жөндеуден өткізу және өзге де түйткілдер тарқатылды.
Облыс әкімі тұрғындардың өтініші назарға алынатынын айтып, жауаптыларға тапсырмалар жүктеді.
«Ашық есік күніне» құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері де қатысты. Азаматтардың өтініші негізінде хаттамалық тапсырмалар беріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЛМЫС САНЫ 33,7% — ҒА АЗАЙҒАН

Admin

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Admin

РӘМІЗДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫН ТІКТІ

Admin