Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНА 28 МЛРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

2023 жылы Сауран ауданының өнеркәсіп саласында 10,1 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде тау кен өндіру бойынша өнім 416 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіру саласының өнім көлемі — 492 млн теңге, жиһаз өндіру саласында өнім көлемі — 747 млн теңгеге жеткен.
Айта кетейік, 11 айда ауданға 28 млрд теңгеге инвестиция тартылған. Оның 18,2 млрд теңгесі — жеке инвестиция есебінен. Ал келесі жылы 32,4 млрд теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Одан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан 95,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Атап өтсек, өсімдік шаруашылығы – 67,4 млрд теңге, мал шаруашылығы – 27,5 млрд теңге. Сондай-ақ, биылғы жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артық орындалған.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 100-ДЕН АСТАМ ӨНДІРІСТІК ЦЕХТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Admin

ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Admin