Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН ЖЫЛЫНА 90-ҒА ЖУЫҚ КӨЛІК ТІРКЕМЕСІН ДАЙЫНДАЙДЫ

Бүгінде Ордабасы ауданында жеке кәсіп ашып, өз ісін жандандырып келе жатқан кәсіпкерлердің саны артып келеді. Соның бірі — Бөржар елдімекенінің тұрғыны Нұрсұлтан Ысқақов. Ол 2022 жылы «Бастау-Бизнес» жобасына қатысып, қайтарымсыз грант ұтып алған.
Қазіргі таңда кәсіпкер дәнекерлеу цехын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Цехта 3 адам жұмыспен қамтылған. Айына 100 келіден 700 келіге дейінгі салмақты көтеретін түрлі көлемде 15 көлік тіркемесін дайындап шығарады. Осылайша жылына 90-ға жуық көлік тіркемесін әзірлейді.
Айта кетейік, кәсіпкердің өндіретін бұйымдарына өңіріміздің әр өңірінен сұраныстар түсуде.

Ұқсас жазбалар

КЕЛЕСТЕ МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БАҚША ДАҚЫЛДАРЫН ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Admin

МИНИСТР ВСТРЕТИЛСЯ С ЖУРНАЛИСТАМИ ТУРКЕСТАНА

Admin