Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

АҚОРДАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ОТАНДЫҚ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Осындай алқалы жиын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Себебі, бизнес саласы – ұлттық экономиканың негізгі тірегінің бірі. Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға баса мән беріп отыр.
Біз қазір Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық моделін қалыптастыруға кірістік. Бұл – баршамызға ортақ жұмыс, ең алдымен, еліміздің кЕлешегі үшін өте маңызды қадам. Осы жұмысқа кәсіпкерлеріміз белсене атсалысуы қажет. Сондықтан, біз бүгін бизнес саласында қордаланған мәселелерді талқылаймыз. Алдағы міндеттерді айқындап алуымыз керек»
«Баршаңызға мәлім, мен Жолдауда елімізді одан әрі дамытуға арналған тың тәсілдерді ұсындым. Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет.
Осы бағытта біраз шаруа атқарылды. Дегенмен, кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де болса бәсең, өз әлеуетіне сай емес деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы серпіліс қажет. Ең алдымен, мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс»

Ұқсас жазбалар

БҚО-да тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 76 000 клиенті 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлығын алады

Admin

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа әскери кафедра ашылды

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 224 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Admin