Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

Ел шебін күзету – ерекше міндет

Өңіріміздің 40 азаматы ҚР ҰҚК-не қарасты Шекара қызметінің Алматы облысында орналасқан әскери бөлімдеріне аттанды. Осыған орай Кентау қаласындағы облыстық жинақтау бекетінде азаматтарды шығарып салу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Бейсенбай Тәжібаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы, полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев, ҚР Қарулы Күштері ардагерлері кеңесінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы, запастағы подполковник Бабай Алдабергенов және әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты өкілдер қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған әрбір азамат комиссияның бақылауында болады.

– Түркістан өңірінің жастары ҚР Қарулы Күштеріне және басқа да әскери құрылымдарда әскери қызмет өткеруі бойынша үнемі алдыңғы қатарда жүреді. Мәселен, биылғы көктемгі шақыру науқанында 18-27 жас аралығындағы 2 мыңнан астам азамат әскери борышын өтеуге жолданды. Енді күзгі шақыру науқанында цифрландыру шаралары қолданылмақ. Отанды қорғау – әркімнің азаматтық борышы һәм міндеті. Әрі бұл әскери құрылымдарда жұмыс істеуге баспалдақ болады. Сондықтан Отан алдындағы борышты абыроймен атқарып, жақындарыңызбен қауышуға тілектеспіз, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Нұрмаханбет Дүйсебаевтың айтуынша, өңірдегі

3500-ден аса ер азаматқа тұрғылықты мекенжайлары бойынша жергілікті әскери басқару органдарына шақыру туралы SMS-хабарлама жіберу жоспарланған. Жақында әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу куәліктерін беру және әскери қызметін өткермеген азаматтарға әскери билеттер табыстау электронды форматқа көшеді. Цифрландыру бағдарламасы аясында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және шығару тұрғылықты жері өзгерген кезде автоматты режимде жүзеге асырылады.

 

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ФЕРҒАНА ХАЛҚЫНА ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ

Admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ӨНДІРІСТІК ПАРКТІҢ ЖҰМЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Admin

СОЗАҚ: “AMANAT LIDER” ДЕБАТ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Admin