Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ЖОҒАРЫ

Облыстық жастар орталығында Президенттік жастар кадр резерві бағдарламасы бойынша жастармен кездесу өтті. Бағдарламаға қызығушылық танытқан жастарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Дархан Сүртеков толық ақпарат берді.
Ал облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Ернар Бектаев аудандық және қалалық жастар орталықтарының жастарына түсіндірме жұмыстар жүргізіп, маңызды тұстарын таныстырып өтті.
«Жастар кадрлық резерві» – бұл мансаптық қызметінде өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқарушылық құзыреттіліктердің жоғары деңгейіне ие мамандардың республикалық базасы.
Жоба мақсаты – білімді, талантты, белсенді жастарды іздеу және анықтау, олардың кәсіби дамуына және қоғамдық танылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды оқыту, біліктілігін арттыру, жастар арасынан мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет саласы үшін қазіргі заманғы және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру.
Қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесіне талантты жастарды тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жоспарлануда. Іріктеуге өтінім қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 500-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРІПТЕЛГЕН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

Admin