Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ЕЛТАҢБА-ҰЛТ РУХЫНЫҢ ҰЛЫ БЕЛГІСІ!

Түлкібас ауданында Мемлекеттік рәміздеріміздің 31 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды elordafocus.kz.
Шара басында Мемлкеттік Әнұранымыз орындалып, жиналған көпшілікті Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасымбек Сәтбай айтулы мерекелерімен құттықтап, еліміздің әр бір азамат Мемлкеттік рәміздеріміз Туды, Елтаңбаны және Әнұранды тұмардай қасиет тұтуы қажет екендігін айтып өтті. Іс-шара жалғасы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мерекелік тақырыпқа сай концерттік бағдарламаға ұласты.
Айта кетейік, Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов түлкібастықтарды мерекемен құттықтады:  «Қадірлі түлкібастықтар! Баршаңызды елдігіміздің нышаны — мемлекеттік рәміздерге 31 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасы рәміздерінің тарихы біздің еліміздің осы заманғы тарихымен тығыз байланысты.
1992 жылдың 4 маусымында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Әнұран қабылданып, бұл Тәуелсіздік алғаннан кейiн алты ай iшiнде мақұлданды.
Бүгін біз айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар, қыраны күнге ұшқан құдіретті көк Туымызды, ерлік пен елдіктің иісі аңқығын қасиетті Елтаңбамызды, қасқайып оң қолымызды жүрек тұсына қойып шырқайтын әуезді Әнұранымызды мақтан етеміз.
31 жыл еншісінде елімізде ғасырға татитын ауқымды жұмыстар жасалды. Соның нәтижесінде, бүгінгі ұрпақ ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің, ұлттық мемлекет құру мұратының жүзеге асқан заманында бейбіт ғұмыр кешуде.
Еліміздің әр азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені, олар халқымыздың мақтанышы, біздің киелі құндылықтарымыз.
Сондықтан әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет және мемлекеттік рәміздерді насихаттау халық арасында тек бүгінгі күнмен шектелмей барлық уақытта және өскелең ұрпақты рәміздерді құрметтеуге тәрбилеу үшін күнделікті жұмыс жүргізу қажет.
Құрметті қауым!
Ұлтымыздың мақтанышы саналатын — Мемлекеттік рәміздер күнімен тағыда құттықтай отырып, баршаңызды ел игілігі мен мемлекет мүддесі жолындағы абыройлы істерде орасан зор табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін!», делінген құттықтауда.

Ұқсас жазбалар

ҚЫРАН ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН

Admin

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНА АТСАЛЫСАДЫ

Admin

КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Admin