Отырар ауданында 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Отансүйгіштік – мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» тақырыбында аудан жастарының марафонынан басталып, марафон ауыл әкімшіліктерінде де жалғасын тапты.
Атап айтқанда, Балтакөл, Көксарай ауыл әкімшіліктерінде ауылдың жастар ісі жөніндегі инспекторы А. Кеңесбектің ұйымдастыруымен 4-Маусым мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің Туым—менің мақтанышым» атты челлендж болып өтті. Ауыл жастары атаулы челенджі Маяқұм ауылы жастарынан қабыл алды.Шараның мақсаты өскелең ұрпаққа ауыл жастарына патриоттық тәрбие беру және Рәміздерімізді құрметтеу, жастарды отансүйгіштікке баулу болып табылады.
Ал, Маяқұм ауыл әкімшілігі мен Жастар орталығы инспекторы А.Толғанбаеваның ұйымдастыруымен 4-Маусым мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің Туым—менің мақтанышым» атты челленж болып өтті. Шараның мақсаты өскелең ұрпаққа ауыл жастарына патриоттық тәрбие беру және Рәміздерімізді құрметтеу, отансүйгіштікке баулу. Ауыл жастары мен жасөспірімдерінің қатысуымен өткен челленжде ауыл жастары Ө. Жәнібеков, Н. Құлынбетов, І. Қыдырбаев, Ж. Әуелбеков көшелері бойын жүріп өтті.
Сонымен қатар, Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Д.Құрманбек атындағы №20 колледжі жастар ұйымының ұйымдастыруымен 1 курс білім алушылары арасында «Мемлекеттік Рәміздер-елдігіміздің нышаны» атты тәрбиелік іс-шара өткізілсе, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкерлері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкерлеріне видео-челлендж жолдады.
Шаралардың басты мақсаты — Туымыз, Елтаңба, Әнұранымызды қастерлеп құрметтеуге шақыра отырып, Отанына,халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында Рәміздер тарихы туралы көптеген мағлұматтар айтылды.
