Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

❇️ Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коммуналдық қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпорын жобасын ұсынған China Railway Construction Corporation қытай компаниясының өкілдерімен кездесті. Инвесторлар қалдықтарды қайта өңдеу арқылы синтез-газ шығаруды көздейді. Қазір қытайлық, испаниялық, германиялық инвесторлар мен отандық компаниялар осы бағытта түрлі ұсыныстарын білдіруде.
? Мұрат Дүйсенбекұлы холдинг өкілдеріне мегаполис ерекшеліктерін ескере отырып, қалдықтарды сұрыптау бағытын қарастыруды ұсынды. Компания бір ай ішінде қала аумағында қалдықтарды жою бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп, жобаларын пысықтайды. Сондай-ақ, тараптар көлік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тарту мәселесін де қарастырды.

Ұқсас жазбалар

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК БІЛІМ – ЖАҢА БАҒЫТТЫҢ БАСТАУЫ

Admin

БИЗНЕС ПЕН ҮКІМЕТ АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР

Admin

ШЫМКЕНТТЕ СИНГАПУР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫН АШУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin