Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ҚоғамҚұқық

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан облысының полицейлері балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, 1 айға жоспарланған «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты акция өткізуде.
Осы бағытта Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар іс-шаралар атқаруда. Атап айтсақ, балалардың көшелерде және жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйретуге білім ошақтарына барып, мектеп оқушыларына профилактикалық, танымдық сабақтар өткізді.
Жасөспірімдерге өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшеде жүру ережелері мен жолда жүру тәртібін түсіндірді. Жолдан өтерде ұялы телефон қолданбау, құлаққап пайдаланбау керектігі ескертілді.
Тәртіп сақшылары ата-аналарға өздерінің ұл-қыздарына үнемі жолда жүру ережелерін ескертіп, үйретіп отыруға шақырады.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС КЕШЕНДЕРІ САЛЫНАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТӨРТ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Admin

ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Admin