Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №7 Төле би атындағы жалпы орта мектебінің базасында ағымдағы жылдың 21 қазан күні «Химия пәнінен медиа технологиялық әдіс-тәсілдерді сабақ барысында пайдалану» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Химия пәні мұғалімдерінің медиа технологиялық білімін дамыта отырып тәжірибе алмасу.
Семинарға 17 ауданнан әдіскерлер және 80-ге жуық пән мұғалімдері қатысты.
Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің химия және биология пәндерінің әдіскері Қатира Қабылова аудандардан келген педагогтарға тәжірибелік семинардың мақсатымен, бағдарламамен таныстырды.
Бағдарлама негізінде алдымен мұғалімдер оқушылармен ашық сабақтар өтті:
№1 «М.Әуезов» МГ химия пәні мұғалімі Устемиров Қайрат 9-сынып оқушыларымен «Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік»;
№27 «Шәкәрім» ЖОББМ химия пәні мұғалімі Абжанова Лаззат 11-сынып оқушыларымен «Көмірсулар: глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза. Құрылысы, қасиеттері және қолданылуы. №7 практикалық жұмыс: «Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция»;
№75 «Төле би» ЖОББМ химия пәні мұғалімі Құрбанбаева Айгул 8-сынып оқушыларымен «Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі. №3 зертханалық тәжірибе».
Екінші кезеңде педагогтармен тікелей іс-әрекет жасау мақсатында диалог алаңы құрылды:
«Білім беру саласындағы әдіскер қызметінің ұйымдастырылуы» АӘДБ химия және биология пәндері әдіскері Кабулова Катира аудан әдіскерлерімен дөңгелек үстел өткізді;
«Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта медиа технология әдістерін қолданудың тиімділігі» тақырыбында №58 «Ә.Марғұлан» ЖОББМ химия пәні мұғалімі Сманова Гаухар коучинг өткізді;
«Білім алушылардың базалық дағдысын білім платформаларымен жұмыс жүргізу арқылы толықтыру» тақырыбында №4 «Ю.Гагарин» ЖОББМ мұғалімі Тюлепова Гулжан Тренинг өткізді;
«Химия сабағында оқу мақсаттарына сәйкес деңгейлік тапсырмаларды құрастыруда қазіргі ақпараттық оқыту технологиясын қолдану» тақырыбында №11 «М.П.Окороков» ЖОББМ химия пәні мұғалімі Алипбаева Нағима шебер сынып өткізді;
«PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларын орындату барысында білім алушыларды интербелсенділікке баулу» тақырыбында №10 «Қ.Сәтпаев» МГ химия пәні мұғалімі Жанабаева Диляра, №74 ЖОББМ биология пәні мұғалімі Ережепова Сауле шебер сынып өткізді;
«Химия пәнінен оқушыларды жаңартылған мазмұндағы ҰБТ-ға дайындауда АКТ-ны қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында №70 «С.Байғозиев» ЖОББМ химия пәні мұғалімі Кожабаев Куаныш шебер сынып өткізді.
Семинар жұмысын қорытындылап, ұсыныстар қабылдау мақсатында Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының химия пәні әдіскері Керимбекова Айгерим Кері байланыс жасады.
Жиын өз дәрежесінде жақсы өтті, шара соңы №7 Төле би атындағы жалпы орта мектебі ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Семинарға қатысқан барша ұстаздар қауымына алғысымызды айтамыз.
